23 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» кітабы бойынша «Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танып білемін!» кейс-әдіс негізінде әдеби ойын өтті. Кейс-әдісті қолдана отырып, ақпаратты талдауға, негізгі мәселелерді анықтауға және оларды шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға үйренуге болады. Ойынның мәні-оның қатысушыларының әлі белгісіз әдеби шығармаға деген қызығушылығын ояту. Ойыншылар 6 адамнан тұратын командаларға бөлінді. Содан кейін оларды шығармамен, оның авторымен, басты кейіпкерлерімен таныстырды. Олар кейіпкерлердің қазіргі кездегі жағдайын қысқаша айтып берді, содан кейін кітаптан үзінді оқыды. Эпизодтың соңына жетпей, жүргізуші оқуды тоқтатып, командаларға оқиғаларды дамытудың өз нұсқасын табуды ұсынды. Ойын оның қатысушыларын қатты баурап алды және әдеби шығармаға деген қызығушылық тудырды.